ㅤㅤㅤㅤ2026 жылдың 12 ақпан күні сағат 11.00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 6655 әскери бөлімімен бірлесіп, 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Қайта қауышқан ардагерлер» тағылымды кездесу-сұхбат кешін өткізді.
ㅤㅤㅤㅤІс-шараның мақсаты: Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің ерлігін дәріптеу, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи сананы қалыптастыру және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.
1989 жылдың 15 ақпанында соңғы кеңес жауынгері Ауғанстан аумағынан шығарылып, он жылға созылған соғыс аяқталды. 1979–1989 жылдар аралығындағы бұл қақтығыс мыңдаған жастың тағдырын өзгертті. Қазақстаннан 22 мыңнан астам азамат аттанып, олардың біразы туған жерге оралмады. Ал елге аман жеткен жауынгерлер соғыстың салмағын өмір бойы жүректерінде сақтап келеді.
ㅤㅤㅤㅤКездесу барысында Ауған соғысының ардагерлері өз естеліктерімен бөлісіп, сол бір жылдарды баяндады.Ардагерлер қатарында: Турдалин Ганиятула Нигметуллаевич, Муканов Сагидолла Сагангалиевич, Кубегенов Сапарбек Абдираманұлы, Кариев Самат Абенович, Тәкен Ерболат Ермекұлы, Құсайынов Дамир Тілекқабылұлы, Жолмуратов Аслан Кабенұлы, Дүйсенов Мейрхан Қартбайұлы, Маханов Әділбек Ақмырзаұлы.
ㅤㅤㅤㅤСонымен қатар, Ауған соғысы интернационалист-жауынгерлерінің Ақтөбе облыстық қоғамдық бірлестігінің орынбасары Жұмабеков Аманкелді Бәйішұлы және «Тәжік-Ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушылардың Ардагерлер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құлтаев Нұрғиса Бекмұратұлы арнайы қонақ болды.
ㅤㅤㅤㅤКездесуде ардагерлер бейбіт өмірдің мәні, елге оралған сәттегі сезімдері, соғыстың адам өміріне әсері туралы ой бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты. Іс-шара барысында патриоттық әндер орындалды.
ㅤㅤㅤㅤКездесу аясында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Ауған соғысына қатысты тарихи зерттеулер, естеліктер, деректі материалдар қойылып, библиографиялық шолу жасалды.
Сілтеме: https://www.instagram.com/p/DUpnKL4DKd-/
ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤИНФОРМАЦИЯ
ㅤвстречи-беседы <<Қайта қауышқан ардагерлер>>
ㅤㅤㅤㅤ2 февраля 2026 года в 11:00 областная юношеская библиотека имени С.Жиенбаева совместно с воинской частью №6655 провела познавательную встречу-беседу Қайта қауышқан ардагерлер, посвящённую 15 февраля – Дню вывода советских войск из Афганистана.
ㅤㅤㅤㅤЦель мероприятия – прославление подвига ветеранов Афганской войны, воспитание у молодёжи патриотизма, формирование исторического сознания и осознание ценности мирной жизни.
ㅤㅤㅤㅤ15 февраля 1989 года последний советский солдат покинул территорию Афганистана, завершив десятилетнюю войну. Этот конфликт 1979–1989 годов изменил судьбы тысяч молодых людей. Из Казахстана было призвано более 22 тысяч граждан, и не все из них вернулись на родину. Те же, кто вернулся живыми, на протяжении всей жизни несут в сердцах тяжесть войны.
ㅤㅤㅤㅤВ ходе встречи ветераны Афганской войны поделились своими воспоминаниями, рассказали о тех непростых годах.
ㅤㅤㅤㅤСреди ветеранов: Турдалин Ганиятула Нигметуллаевич, Муканов Сагидолла Сагангалиевич, Кубегенов Сапарбек Абдираманұлы, Кариев Самат Абенович, Тәкен Ерболат Ермекұлы, Құсайынов Дамир Тілекқабылұлы, Жолмуратов Аслан Кабенұлы, Дүйсенов Мейрхан Қартбайұлы, Маханов Әділбек Ақмырзаұлы.
ㅤㅤㅤㅤТакже почётными гостями мероприятия стали заместитель Актюбинского областного общественного объединения воинов-интернационалистов Афганской войны Жұмабеков Аманкелді Бәйішұлы и председатель общественного объединения «Союз ветеранов – участников боевых действий на таджикско-афганской границе» Құлтаев Нұрғиса Бекмұратұлы
ㅤㅤㅤㅤВо время встречи ветераны говорили о значении мирной жизни, о чувствах, которые они испытали, вернувшись на родину, о влиянии войны на судьбу человека, а также дали молодёжи свои наставления. В рамках мероприятия прозвучали патриотические песни.
ㅤㅤㅤㅤВ ходе встречи была организована тематическая книжная выставка «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран», на которой были представлены исторические исследования, воспоминания и документальные материалы, посвящённые Афганской войне, а также проведён библиографический обзор.




