ㅤㅤㅤㅤ2026 жылдың 6 ақпан күні сағат 10.00-де С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Халықаралық Ақ орамал күніне орай еңбекқор әрі өнегелі аналарға арналған «Өнегеге толы ақ орамал» бенефисін өткізді.
ㅤㅤㅤㅤБенефистің мақсаты – қазақ қоғамындағы ананың рөлін, ақ орамалдың тәрбиелік әрі рухани мәнін дәріптеу, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, өнегелі, еңбекқор аналардың өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету, отбасы құндылықтарын, үлкенге құрмет пен кішіге ізеттілік сияқты ізгі қасиеттерді бойға сіңіру.
ㅤㅤㅤㅤБенефиске ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру жолында аянбай еңбек етіп жүрген, елге сыйлы, өнегелі аналар шақырылды. Олар – өз өмір жолымен, парасатты болмысымен кейінгі буынға үлгі болып жүрген жандар.
ㅤㅤㅤㅤІс-шара қонақтары қатарында: Дауылбаева Зоя Нұрмағанбетқызы, Серғазина Роза Қайырқызы, Тәжіғұлова Аққағаз Тәжіғұлқызы, Мақатова Айжан Қорғанбекқызы, Омарбекова Баршагүл Орынбайқызы бар.
ㅤㅤㅤㅤШара барысында еңбекқор, өнегелі аналар өздерінің өмірлік тәжірибесімен, бала тәрбиесі мен отбасылық құндылықтарды сақтау жолындағы ой-пікірлерімен бөлісті. Ақ орамалдың мағынасы мен оның қазақ халқының дәстүріндегі орны туралы тағылымды әңгімелер айтылды. Оқырмандар арасында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, ұлттық тәрбие мен ананың қоғамдағы рөлі жайлы пікір алмасу өтті. Сонымен қатар, кітап көрмесі ұйымдастырылып, Жанат Нұрымқызы қазақтың салт-дәстүрі, ананың ақ орамалының мәні мен тәрбиелік маңызы туралы ақпарат айтып өтті. Көрмеге аналар тақырыбына арналған әдебиеттер, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін кітаптар қойылып, библиографиялық шолу жасалды.
ㅤㅤㅤㅤШара соңында «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Табылдинова Назира Сәрсенбайқызы мен кітапхана директоры Гүлнар Рамазанқызы қорытынды сөз сөйлеп, қонақтарға алғыс білдірді. Қатысушылар саны: 60 адам.
Сілтеме:
https://www.instagram.com/reel/DRhAyS7goQJ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA
ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤИНФОРМАЦИЯ
ㅤㅤㅤо бенефисе «Өнегеге толы – ақ орамал»
ㅤㅤㅤ6 февраля 2026 года в 10:00 в областной юношеской библиотеке имени С. Жиенбаева совместно с Республиканским общественным объединением «Қазақ аналары – дәстүрге жол» в честь Международного дня белого платка был проведён бенефис «Өнегеге толы – ақ орамал», посвящённый трудолюбивым и нравственным матерям.
ㅤㅤㅤㅤЦель бенефиса – прославление роли матери в казахском обществе, воспитательного и духовного значения белого платка, популяризация национальных традиций и обычаев, представление жизненного пути достойных и трудолюбивых матерей как примера для подрастающего поколения, а также формирование семейных ценностей, уважения к старшим и почтительности к младшим.
ㅤㅤㅤㅤНа бенефис были приглашены уважаемые, нравственные матери, которые неустанно трудятся во имя сохранения и передачи национальных ценностей подрастающему поколению. Это личности, являющиеся примером для молодежи благодаря своему жизненному пути и мудрости.
ㅤㅤㅤㅤСреди почётных гостей мероприятия были:Дауылбаева Зоя Нұрмағанбетқызы, Серғазина Роза Қайырқызы, Тәжіғұлова Аққағаз Тәжіғұлқызы, Мақатова Айжан Қорғанбекқызы, Омарбекова Баршагүл Орынбайқызы.
ㅤㅤㅤㅤВ ходе мероприятия трудолюбивые и достойные матери поделились своим жизненным опытом, мыслями о воспитании детей и сохранении семейных ценностей. Были проведены содержательные беседы о значении белого платка и его месте в традициях казахского народа. Среди читателей была организована сессия вопросов и ответов, состоялся обмен мнениями о национальном воспитании и роли матери в обществе. Кроме того, была организована книжная выставка, на которой Жанат Нурымкызы рассказала о казахских традициях, значении белого платка матери и его воспитательной роли. На выставке были представлены литературные произведения, посвящённые теме матерей, а также книги, пропагандирующие национальные ценности, и проведён библиографический обзор.
ㅤㅤㅤㅤВ завершение мероприятия председатель Республиканского общественного объединения «Қазақ аналары – дәстүрге жол» Табылдинова Назира Сарсенбайкызы и директор библиотеки Гүлнар Рамазанкызы выступили с заключительным словом и выразили благодарность гостям.



