Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

«Есірткінің соңы – өкініш» ақпараттық сағаттың ақпараты

ㅤㅤㅤㅤ2026 жылдың 18 ақпан күні сағат 11:00-де С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен оқырмандарға «Есірткінің соңы – өкініш» ақпараттық сағат өткізілді.
ㅤㅤㅤㅤІс-шараның мақсаты: жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны туралы түсінік беру және зиянды әдеттердің алдын алу.
ㅤㅤㅤㅤАқпараттық сағат барысында кітапхана қызметкері Жанат Нұрымқызы есірткінің денсаулыққа, қоғамға тигізетін кері әсері жайында кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, жастардың өмірлік мақсаттарын айқындап, спортпен шұғылданудың, дұрыс орта таңдаудың маңыздылығы айтылды.
ㅤㅤㅤㅤОқушылар тақырыпқа байланысты бейнематериал көріп, өз ойларын ортаға салды. Қызықты ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды.
ㅤㅤㅤㅤТақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге есірткінің зияны, салауатты өмір салты, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы мен психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруға арналған әдебиеттер қойылды.
ㅤㅤㅤㅤСілтеме: www.instagram.com/p/DU5RNzCjOAq/ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤ
ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤ

ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤИнформационный час
ㅤㅤㅤㅤㅤㅤ«Есірткінің соңы – өкініш»

ㅤㅤㅤㅤ18 февраля 2026 года в 11:00 в областной юношеской библиотеке имени С.Жиенбаева по инициативе была проведена информационная встреча для читателей библиотеки под названием «Есірткінің соңы – өкініш».
ㅤㅤㅤㅤЦель мероприятия: пропаганда здорового образа жизни среди подростков, информирование о вреде наркотических веществ для организма человека и предотвращение вредных привычек.
ㅤㅤㅤㅤВо время информационного часа библиотекарь Жанат Нұрымкызы подробно рассказала о негативном влиянии наркотиков на здоровье и общество. Кроме того, было подчеркнуто значение постановки жизненных целей, занятия спортом и выбора правильного окружения.
ㅤㅤㅤㅤУчащиеся посмотрели тематический видеоматериал и поделились своими мыслями. Были организованы интересные игры, а участники получили ответы на свои вопросы.
ㅤㅤㅤㅤБыла организована книжная выставка по теме мероприятия, к которой подготовлен библиографический обзор. На выставке были представлены издания о вреде наркотиков, здоровом образе жизни, правовой грамотности подростков и формировании их психологической устойчивости.

Leave a Reply

НАШИ КОНТАКТЫ