ㅤㅤㅤㅤ2026 жылдың 12–15 ақпан аралығында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Оқы. Бөліс. Шабыт» акциясы өтті.
ㅤㅤㅤㅤШараға Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің басшысы Марат Төлебайұлы, Облыстық өлкетану музейінің өкілдері, Ақтөбе облыстық мәслихатының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі, журналист Бақытхан Құрманқызы Жанша, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының ұжымы, «Студент» кітап дүкені, Жастар ресурстық орталығы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық музыкалық колледжі, «Ер Едіге» жыр мектебі, сондай-ақ ақын-жазушылар мен кітапхана оқырмандары қатысып, кітапхана қорына таңдаулы кітаптарын сыйға тартты. Бұл игі іс-шара акцияның маңызын арттыра түсті.
ㅤㅤㅤㅤАқын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мейірхан Ақдәулетұлы жеке кітап қорынан жас оқырмандарға арналған бірқатар көркем әдеби туындыларды тарту етіп, шараға қолдау көрсетті. Ақынның сыйы кітапхана қорын мазмұнды басылымдармен толықтырып, оқырмандарға зор рухани олжа болды.
ㅤㅤㅤㅤШара барысында қонақтар кітаптың қоғам өміріндегі рөлі, жасөспірімдердің рухани дамуына әдебиеттің ықпалы туралы пікір білдірді. Марат Төлебайұлы кітап – ұлттың жады мен рухани қазынасы екенін атап өтіп, жастарды тарихи деректер мен танымдық еңбектерді көбірек оқуға үндеді. Нәтижесінде кітапхана қоры өлке тарихы мен мәдениетіне арналған құнды басылымдармен толықты.
ㅤㅤㅤㅤХалықаралық кітап сыйлау күніне арналған бұл игі бастама жасөспірімдер арасында кітап оқуды насихаттауға, рухани құндылықтарды дәріптеуге және кітапхана мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталды.
ㅤㅤㅤㅤКітапхана директоры Гүлнар Рамазанқызы кітапхана ұжымы атынан акцияға қолдау білдірген барлық қатысушыларға шынайы алғыс білдіріп, мұндай тағылымды бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.
Сілтемелер:
https://www.instagram.com/p/DUpxFNpDPc_/
https://www.instagram.com/p/DUp-drmDHSj//
https://www.instagram.com/p/DUp-gf0DBys/
https://www.instagram.com/p/DUqAr3ADDeN/
https://www.instagram.com/p/DUqBhK4DMmH/
https://www.instagram.com/p/DUqAsO1jAPM/
https://www.instagram.com/p/DUqFM0tDFX6/
ㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤㅤИНФОРМАЦИЯ
Оқы. Бөліс. Шабыт»,
ㅤㅤㅤㅤㅤㅤоб акции «
ㅤпосвящённой Международному дню дарения книг
ㅤㅤㅤㅤС 12 по 15 февраля 2026 года в областной юношеской библиотеке имени С. Жиенбаева прошла акция «Оқы. Бөліс. Шабыт», приуроченная к Международному дню дарения книг.
ㅤㅤㅤㅤВ мероприятии приняли участие руководитель Государственного архива Актюбинской области Марат Төлебайұлы, представители Областного краеведческого музея, заведующая отделом общественной приёмной Актюбинского областного маслихата, журналист Бақытхан Құрманқызы Жанша, коллектив Актюбинского областного кукольного театра «Алақай», книжный магазин «Студент», Молодёжный ресурсный центр, Актюбинский областной музыкальный колледж имени А. Жубанова, школа жыров искусства «Ер Едіге», а также поэты, писатели и читатели библиотеки. Участники передали в дар библиотечному фонду отобранные книги, тем самым подчеркнув значимость акции.
ㅤㅤㅤㅤПоэт, член Союза писателей Казахстана Мейірхан Ақдәулетұлы передал из своей личной библиотеки ряд художественных произведений для юных читателей, поддержав данное мероприятие. Его дар пополнил фонд библиотеки содержательными изданиями и стал ценным духовным вкладом для читателей.
ㅤㅤㅤㅤВ ходе мероприятия гости отметили роль книги в жизни общества и влияние литературы на духовное развитие подростков. Марат Төлебайұлы подчеркнул, что книга является памятью нации и её духовным достоянием, призвав молодёжь чаще обращаться к историческим источникам и познавательной литературе. В результате библиотечный фонд пополнился ценными изданиями, посвящёнными истории и культуре края.
ㅤㅤㅤㅤДанная инициатива, посвящённая Международному дню дарения книг, направлена на популяризацию чтения среди подростков, продвижение духовных ценностей и укрепление связи между библиотекой и обществом.
ㅤㅤㅤㅤДиректор библиотеки Гүлнар Рамазанкызы от имени коллектива выразила искреннюю благодарность всем участникам акции и отметила, что подобные значимые инициативы будут продолжены и в дальнейшем.




