АҚПАРАТЫ
2026 жылдың 2 ақпаны күні сағат 11:00-де С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Ұлттық басылым күні аясында «Цифрлы дәуірдегі баспасөз: өткені мен бүгіні» кітап және газет-журнал көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: ұлттық баспасөздің қалыптасу тарихын, даму кезеңдерін насихаттау, мерзімді басылымдардың қоғамдағы рөлін таныту, сондай-ақ жастардың ақпараттық мәдениетін арттыру.
Көрмеде қазақ баспасөзінің тарихи маңызы зор газет-журналдар, қазіргі заманғы мерзімді басылымдар мен цифрлы форматтағы ақпарат құралдары ұсынылды. Кітапхана қызметкері Жанат Нұрымқызы газет-журналдарға шолу жасап, ұлттық баспасөздің тарихы мен бүгінгі даму бағыттары туралы кеңінен мағлұмат берді. Оқырмандар баспасөздің өткені мен бүгінін салыстыра отырып, оның заман талабына сай өзгеру үдерісімен танысты.
Іс-шараға кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысып, ұлттық басылымның қоғамдағы орны мен маңызы жөнінде пікір алмасты.
ИНФОРМАЦИЯ о выставке книг и газет-журналов
«Цифрлы дәуірдегі баспасөз: өткені мен бүгіні»
2 февраля 2026 года в 11:00 в областной юношеской библиотеке имени С.Жиенбаева в рамках Дня национальной прессы была организована выставка книг и газет-журналов «Цифрлы дәуірдегі баспасөз: өткені мен бүгіні».
Цель выставки: популяризация истории становления национальной прессы, освещение этапов её развития, демонстрация роли периодических изданий в обществе, а также повышение информационной культуры молодежи.
На выставке были представлены исторически значимые газеты и журналы казахской прессы, современные периодические издания и цифровые информационные ресурсы. Сотрудник библиотеки Жанат Нурымкызы провела обзор газет и журналов, подробно рассказав о истории национальной прессы и направлениях её современного развития. Посетители смогли сравнить прошлое и настоящее прессы, познакомиться с процессом её эволюции в соответствии с требованиями времени.


